AA

«Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ

2014 жылғы газетке мақала

Проффесор Темирғали Қасым — бiздiң жерлесiмiз

Қазақстан Республикасының Аул шаруашылығы ғылыми
Академиясының мүше-корреспондентi, проффесор, аул
шаруашылығы ғылымдарының докторы
, еңбек ардагерi Темирғали Қасым

Темирғали Қасым 1936 жылы қаңтардың отызыншы жұлдызында Ақмола облысы Сталин ауданы (Ақкөл) «Енбек» ұжымшарында дүниеге келген.

Әкесi Сәдуақас Еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагерi. Ерейментаудың № 74 орта мектебiн 1955 жылы бiтiрiп,1956 жылы Алматыдағы малдәрiгерлiк институтына түсiп,оны 1961 жылы үздiк белгiмен бiтiрдi.

Еңбек етудi болащақ ғылыми қызметкер 1961 жылы бастады Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты орналасқан Мынбаев аулында.

Осы мекемеде табан аудармай 46 жыдай әлi келгенше еңбек етiп — кiшi, аға,бас ғылыми қызметкерi болды.Жұмыстары елiмiздегi жаңа бағытта кроссбред (еттi-биязылау жүндi) қой шаруашылығы саласын калыптастыру,осы бағытта еттi-биязылау жүндi қой тұқымын шығаруға және шетелден келген кейбiр қой тұқымдарын Қазақстан жерiне жерсiндiру мен бейiмдеуге арналды.Айтылған қой тұқымын (МШК) шығару кезеңiнде,оның ақсенгiрлiк түрiн типiн шығарудағы теориялық негiздерiн және практикалық әдiстерiн,селекциялық амалдарын жасаған үшiн Т.Қасымға ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесi берiлдi.

Жарты ғасырдай уақытта елiне сiңiрген еңбегi бағаланып Т.Қасым «Еңбек ардагерi» медалiмен, Ұлы Отан соғысының 1941-1945 жж. Жеңiстiң 65 жыл құрметiне арналған мерекелiк медалiмен және ғылымдағы жетiстiктерi ескерiлiп «КСРО –өнертапышы» белгiсiмен,көптеган грамоталармен,оның iшiнде КСРО ғылыми және техника жөнiндегi Мемлекеттiк комитетiнiң Құрмет грамотасымен, КСРО — ның Югославиядағы елшiлiгiнiң Құрмет грамотасымен марапатталған.

Еттi-биязылау жүндi қой тұқымын (МШК) шығарғаным үшiн КСРО ауыл шаруашылығы мен азық-түлiк министрлiгiнiң бұйрығымен оған авторлық атақ берiлдi.

Алматы облысы Жамбыл ауданының әкiмшiлiгi мен мәслихатының шешiмдерiмен Т.Қасымға «Жамбыл ауданының Құрметтi азаматы», «Алматы облысының Құрметтi азаматы» деген атақтары берiлген.

Негiзi:2013 ж.ақпан ,«Огни Алатау» , 2013 ж., «Жетысу» газетi;
2013 ж.15 .02. Өмiрбаян (Т.Қасым өзi жазған).
2014.14.07. қайтыс болды Мынбаево ауылында

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 18.07.2016 17:29
© 2024. «Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ