AA

«Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ

Ақкөл ауданы. Моншақты төбесі

Ақкөл қаласының солтүстiк-шығысына қарай 3,5 км қашықтықта орналасқан рельефте анық көрсетiлген күмбез тәрiздi тау. Абсолюттi биiктiгi 230 м. Қылқан жапырақты және жапырақты көгалдармен, бұталармен жабылған.

Торғай даласында ұрпақтан ұрпаққа осы өңiрдiң тұрғындарының басым бөлiгiн бағындырған бай және күштi хан өмiр сүрген туралы көне аңыз тарап келген. Оның байлығы мен құдiретi туралы даңқы хандықтан асып кеткен едi. Бiрақ көне ақындардың әндерi бұл туралы жазылмаған.Ханның байлығы мен күшi қызы Айманның сұлулығымен салыстырғанда түкке тұрмады. Күннен күнге құлпырып келе жатқан қызынан әкесi көп үмiт күтiп жүредi. Хан қызын бай әрi ертеден келе жатқан әулеттi руға ұзатып, өзiнiң байлығы мен билiгiн, атақ даңқын нығайтуды ойлайды. Бiрақ әкесiнiң жоспары қызының жоспарымен сәйкес келмейдi. Жүрекке әмiр жүрмейдi ғой. Бұлжүрек көптен берi кедей батыр Жантасты көргенде үлпiлдеп соғатын. Батыр жiгiтте қызды ұнататын, алайда хан- әке бұл теңсiз некеге батасын бередi деп армандай да алмайтын. Жантас пен Айман өз сезiмдерiне ерiк берiп, қашуға бел буады. Айман туып- өскен өлкесiн мәңгiлiкке тастап барады. Ертең оларды не күтiп тұр? Әкесiнiң үйiмен қоштасып, Айман соңғы рет тағы да бiр артына бұрылып қарайды. Сол кезде мойнындағы әшекей моншақты үзiп тастайды. Кiм бiледi мүмкiн әкесiне екеуiнiң жолдары мәңгiлiкке айырлып қалғандығының белгiсi ретiнде, немесе сүйiктi әкесi кешiрер деген үмiтпен естелiкке қалдырғысы келдi ме екен? Жантас пен Айманның тағдыры туралы ешкiм бiлмейдi.Оларбақытты бола алды ма екен? Бiрақ, сол уақыттан берi төбенi МОНШАҚТЫ атап кеттi. Сонымен қатар Моншақты деп аталатын боыс та болған, ол кейiннен Азат болысы болып өзгертiлген.

Дереккөзi:

1. «Земля аккольская…»: туған жер туралы кiшi-энциклопедия.- Ақкөл:Абай атындағы аудандық кiтапхана, 2016.-38 бет

2. Науменко Д. История Алексеевки продолжается// Знамя Родины.-1995.- 4ақпан. №10.- 2 б.

3. Резов П. Из истории Алексеевки/ Мұрағат құжаты//Знамя Родины.- 1995.-№15.-2 б.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 20.04.2018 14:38
© 2024. «Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика