A- A A+
«Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ «Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Ақкөл ауданы. Домбыралы төбесі

Домбыралы — күмбез тәрiздi тау бөгетi. Ақкөл қаласынан солтүстiк-шығысына қарай 15км, Қайнарауылынан 10 км оңтүстiк-шығысқа қарай, Кеңесауылынан батысқа қарай 5 км.қашықтықта орналасқан. Рельефтеанық көрсетiлген.Абсолюттi биiктiгi 472 метр. Енi мен ұзындығы 2-2,5 шақырымды алып жатыр. Қыраттары жазыңқы, батыс жақ қыраттары Қарағаш шатқалына қарай ығысады. Жер қыртысы айтарлықтай қатты дамымаған қарашiрiкпен көмкерiлген. Қызыл алалы әр түрлi шөп жабындыларына бай келген, ал қыраттардың солтүстiк бөлiгi көбiнесе бұталы өсiндiлерге бай.

Ауылдың солтүстiк-шығысында Домбыралы төбесi орналасқан. (халық арасында оны кейде тақыр төбе деп те атайды).

Төмпешiктiң атауы ата-аналарының қарсылығына қарамастан,үйденқашып, осы төмпешiктiң етегiнде түнеген, қуғыншылардан қашып жүргенде төмпешiк басына домбыраларын қалдырып кеткен, кейiнен осы домбыраның орны төмпешiкке айналып, жас жiгiт пен қыздың махаббатының естелiгi болып қалды дейдi.Тағы бiр болжам бойынша бұл көшпендiлердiн мазары.

-//-

Осы төбенiң атауыносы ауылдың тұрғындары қазақ халқының «Баян Сұлу-Қозы Көрпеш» поэмасындағы Баян сұлудың атымен де байланыстырады.Баянның әкесi Қарабай жыл сайын Аягөзден Түменге қоныс аударғанда, Қарқаралы, Баянауыл, Домбыралы, Моншақты және т.б. тауларында ұзақ демалған екен. Баянның ең ұнатқан тауы Қазалық едi, ол жерде әдемi қанатты құтандар өте көп болатын. Ол осы құстың қауырсынынан сұлтан безендiрiлген бас киiм тiгiп алады, сондықтан бұл төмпешiк Қарқаралы (Қара құтандар тауы) деп аталып кеткен. Баян Көкшетау тауларында әдемi әуен шығаратын ғажап ағаш тауып алыпты. Сол ағаштан Баян Сұлу музыкалық аспап — домбыра жасап алған екен, сол себептi бұл төмпешiк Домбыралы деп аталып кетiптi.. Көршiлес тауларда өте көп бағалы тастар болған, осы тастардан ол өзiне түрлi моншақтар жасаған, сондықтан бұл төмпешiктер Моншақты деп аталған. Баянның өзi де керемет сұлу болған. «Сұлу» қосымшасы осы есiмнiң алынбас бөлшегi болып қалған. Көшiп — қонып жүргенде ең ұзақ демалған орын, жастардың көп жиналатын орыны — Баянауыл деген атқа ие болады.

-//-

Аңыз бойынша Қарабай мен Сарыбай жас кезiнен досболыпты. Есейiп, отау құрғаннан кейiн тумаған балаларын атастырыпты. Сарыбай ұлының туғанын көре алмай, аңға шыққан кезде қайтыс болады. Қозы мен Баян бiр- бiрiн көрмей- ақ ғашық болыпты. Қызының көз тоймас сұлулығы жер бетiне тараған соң, ол үшiн үлкен «қалың мал» алуға болатындығын бiлген Қарабай жан досы Сарыбайға берген уәдесiнен тайып, қызын Қозы Көрпешке тұрмысқа беруден бас тартады. Сондықтан ол Сарыбайдың отбасы тұрақтаған жерден алысқа, жаңа жерлерге қоныс аударады. Туған жерi Сарыарқаны сағынған Қарабайдың туғандары мен бақташылар жан — жаққа тарап кетедi. Оның жанында жолда кезiккен қарақшы Қодар ғана қалады. Шөл далада жолынан тайған Қарабай Қодарға: — Шөл даладан шығарсаң, Баянды саған бердiм, — дейдi. Аягөз өзенiнiң жағасына аман жеткен соң Қодар той қамына кiрiсе бастайды. Бiрақ, Баян Сұлу зұлым, қанiшер әрi тойымсыз Қодарды ұнатпай, той уақытын шегерумен болады. …Күндер мен жылдар өтедi.Ес тоқтатқан Қозы Көрпеш қалыңдығын тауып алуға бел байланып, Аягөз өзенiнде орналасқан Қарабайдың ауылына келедi. Жiгiт байға бақташы болып жұмыс жасап, сұлу Баянмен тiл табысады. Баян болса Қозы Көрпештен өз жанының адамын, адал, батыл, қорғанын табады. Қозы Көрпештiң де сезiмi лаулап тұрған едi. «Еш қиындықтан бас тартпай, бiрге боламыз» деген мақсатпен,олар Қозының аулына қарй қашады. Күндер алмаса бердi, екi жас әлi жолда болды. Ат шабысынан оянған Баян мен Қозы махабаттарының куәгерi, өздерiнiң серiктерi болған домбыралардың қонған жерлерiнде қалып қойғанын байқамапты. Қозы қарақшы Қодардың қолынан қаза табады. сүйiктiсiнiң өлiмi үшiн кек алғысы келген Баян Қодарға өз қолымен мөлдiр су шығатын терең құдық қазсаң, саған тұрмысқа шығамын дейдi. Ол Қодарды өзiнiң ұзын бұрымынан ұстап терең құдыққа түсiрiп, ол құдыққа түскен соң бұрымын кесiп тастайды. Баян Сұлу Қозы үшiн кек алады. Қайтысболған ғашығының қабiрiнiң жанында өзiне қол салады. Ал домбыра… домбыра сол жерде, өзiнiң аты берiлген ауылдың солтүстiк шығысында жатып қала бередi. Самалжелмен тербетiлген, көз жасымен жуылған домбырасол жерде қалып, Қозы мен Баянның мәңгiлiк махаббатының куәгерi ретiнде,көптеген шақырымға көзге көрiнетiн төбеге айналады. Төбеде ештеңе өспейдi, сондықтан да оны халық «тақыр» деп атайды. Бұл шынайы немесе ойдан шығарылған көркем әңгiме ме, ешкiм растай алмайды. Ол туралы тарихшылар пiкiрталасқа түссiн. Өркениеттi және ынтық сүйiспеншiлiктiң аңызы қазақ даласында ұрпақтан ұрпаққа тарай бередi.

-//-

…Сарыбайдың жалғыз қызы Баянның туған өлкесi — Баянауыл таулары. Баянауыл тауы Баянның құрметiне аталған. Қарқараны түсiрiп жоғалтқан жерi — «Қарқаралы — Қазылық» деп аталынады. Домбыра мен моншақ түсiрiп алған жерлерi — «Домбыралы — Моншақты» деп аталған. Сандық түсiрiп алған жерi — «Алтын сандық — Ақшатау». Әндер шырқалып, халықтық тойлар болған жер — «Өлеңтi».

Ақпарат Ақмола: Энциклопедия .- Алматы: Атамұра, 1995.- 400 б., Домбыралы ауылының энциклопедиясы ауыл кiтапханасының кiтапханашы Волковская О.И. құрастырған. 1939 ж. Ерханова Нығметарханұлының сөздерi, Мүсiр Жүсiп Көпеев, А., 1990, 1-шi, 257-шi беттер, Қуаныш Нұрсадықов, «Аккөл деп ауызға алдық атауыңдз …. , №25


Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.04.2018 14:36
Қаралым саны: 5781

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»