A- A A+
«Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ «Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
«Архивтік анықтамалар беру» көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы жадынамасы

Мемлекеттiк қөрсетiлетiн қызмет атауы: «Архивтiк анықтамалар беру»

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет берушiнiң атауы: «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң Ақмола облысы бойынша мемлекеттiк архивтерi(бұдан әрi — көрсетiлетiн қызмет берушi)

Жұмыс кестесi: демалыс күндерiнен басқа, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетуге өтiнiштердi қабылдауды және олардың нәтижелерiн берудi жүзеге асыратын ұйымдар туралы

1. «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң Ақмола облысы бойынша мемлекеттiк архивтерi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызмет берушi) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы(бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) және (немесе) www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы көрсетедi.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi берушiде және Мемлекеттiк корпорацияда — архивтiк анықтамаларды беру, сондай-ақ порталда — архивтiк анықтамалардың дайын екендiгi туралы хабарлама және негiзi бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру болып табылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы алу тәсiлi туралы ақпарат

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсеткен кезiндегi өтiнiштiң және көрсетiлетiн қызмет берушiнiң, көрсетiлетiн қызмет алушының тәртiбi мен рәсiмдер (әрекеттер) кезектiлiгiнiң сипаттамасы:

1) көрсетiлетiн қызмет алушы тiркелудi (авторландыруды) жүзегеасырады;

2) көрсетiлетiн қызмет алушы электрондық мемлекеттiк қызметтi таңдауы, электрондық сұрау салу нысанды толтырады және қажеттi құжаттарды тiркеуi (болған жағдайда растайтын құжаттардыңкөшiрмелерiқосаберiледi);

3) электрондық мемлекеттiк қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызмет алушының ЭЦҚ арқылы немесе бiр реттiк паролiмен куәландырылған электрондық сұрау салуын куәландыруы;

4) көрсетiлетiн қызмет берушi электрондық сұрау салуын тексеру (өндеу, теркеу);

5) көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке кабинетiнде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алған тарихында сұрау салуын қабылдауы және мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн алатын күнi көрсетiлген хабарламаны алуы.

6) көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке кабинетiне мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алған тарихында мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн алу күнi мен орны көрсетiлген хабарлама берiледi.

7) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн бередi немесе өтiнiште көрсетiлген мекенжайға пошта арқылы жолдайды.

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi

Мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру — 11 (он бiр) жұмыс күн.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн екi немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты 5 (бес) жылдан асқан кезеңнiң құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiн күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын мерзiмге ұзарта алады, бұл туралы көрсетiлетiн қызметтi алушыға құжаттар тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк 3 (үш) күн iшiнде хабарланады.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға қажет құжаттардың тiзiмi

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не оның уәкiлеттi өкiлi: уәкiлеттiлiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды расталған сенiмхат бойынша жеке тұлға) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн қажет);

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтiнiш (болған жағдайда растайтын құжаттардың көшiрмелерi қоса берiледi);

2) Мемлекеттiк корпорацияға:

жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн қажет);

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтiнiш (болған жағдайда растайтын құжаттардың көшiрмелерi қоса берiледi).

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi берушiде және Мемлекеттiк корпорацияда — архивтiк анықтамаларды беру, сондай-ақ порталда — архивтiк анықтамалардың дайын екендiгi туралы хабарлама, немесе Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2017 жылғы «7» наурыздағы№57 бұйрығымен бекiтiлген «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 10, 10-1 -тармақтарында көзделген жағдайларда және негiзi бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру болып табылады.

Қосымша ақпарат (мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс-орталығының нөмiрi, болған жағдайда өзге телефон анықтамалық қызметтердiң нөмiрлерi)

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.07.2017 15:06
Қаралым саны: 5056

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»