A- A A+
«Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ «Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
АҚКӨЛ АУДАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВТІҢ 2017 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ ІС – ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Ақкөл аудандық мемлекеттiк архивтiң 2017 жылғы барлық жұмысы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын iске асыруға, архивтегi жұмыстардың одан әрi жетiлiп дамуына, Ұлттық мұрағаттық қордың құжаттарын сақтауға және есепке алуды қамтамасыз етуге, сақталған құжаттарға ғылыми — анықтамалық құрал — жабдықтар құрып, жетiлдiрiп оларды жан — жақты пайдалануға, iстелiнетiн жұмыстарды ғылыми — әдiстемелiк тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталады.

Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 12 қаңтарындағы № 222 — III (03.07.2013 ж. өзгертiлген) «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау туралы» заңнын орындау мақсатында тақырыптық және генеологиялық сипаттағы сұраныстарын уақытылы, сапалы түрде есепке алу мен тiркеу бойынша топтық жұмыс түрлерi жүргiзiлiп жалғасады.

2015 жылғы 17 сәуiрдегi № 138 «Архивтiк анықтамалар беру» атты мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша стандартпен мерзiмге сәйкес уақытылы және сапалы есепке тiркеу, әлеуметтiк–құқықтық сипаттағы өтiнiштердi орындау жұмыстары да өз жалғасын табады.

Атаулы күндердiң жақындауына орай елдi — мекендермен облыстарда стендтер iлiнiп, фотоқұжаттамалық көрмелер ұйымдастырылып, iс — шараларға жоспар құрылып, мақалалар жарияланып, семинарлар өткiзiлетiн болады.

2017 жылға жоспарланған көрсеткiштердi орындау үшiн аса құнды құжаттар, жеке құрам бойынша тiзiм және тұрақты сақталатын құжаттар тiзiмi, мерекелер мен атаулы күндер тiзiмi, Ақмола облысының жылдық күнтiзбе құжаттары, архив басқармасының сараптап — тексеретiн әдiскерлер комиссиясы құрылып, қарастырылып бекiтiлуге жiберiледi.

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiк есепке алу және
сақталуын қамтамасыз ету.

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында архивтiң материалды — техникалық базасын нығайту жұмыстары жалғасады. Сонымен қатар, 270 қағаз негiзiндегi сақталып отырған құжаттардың жай–күйi жақсартылып, жаңартылады. Оның iшiнде 100 сақтау бiрлiк қоры есептелiнiп, Ақкөл қаласының мәдениет бөлiмi № 2 қоры, «Еңбек астықсовхозы», «Урюпинка астық совхозы», «Алексеевка тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты» т.б. қорлар бойынша 350 парақ жаңартылған. «Алексеевка тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты», «Алексеевка

автомобильдiк жолаушылар базасы», «Алексеевка автомобильдiк — экспедициялық кәсiп орыны», « Ақкөл қаласының орталық ауруханасы», «Ақкөл қаласы әкiмiнiң аппараты» және т.б. жалпы iс — қағаздарын жүргiзу құжатттарының қоры бойынша 3000 мың сақталған бiрлiкке картондау жүргiзу жоспарланған. Ақкөл ауданының тарихы бойынша фотоқұжаттамалар жинағын № 389 қор саны 15 парақтық фотоқұжаттамаларды өңдеуден өткiзу.

«Алексеевка ауданының орындаушы комитетi» №115 қоры бойынша 15 парақтық өшуге айналған мәтiндердi анықтап қалпына келтiру. Ақкөл аудандық орталық ауруханасы № 255 қорының 250 сақтау бiрлiктерiн қағаз негiзiндегi құжаттардың барлығының жай–үйiне тексерiс жүргiзу. 8 қор бойынша есеп құжаттарын дұрыстап жинақтау, тiзiм (№1 қосымша) берiледi.

Жыл бойы ұйымдардан, мекемелерден және кәсiпорындардан сонымен қатар тарап кеткен ұйымдардың жеке құрам бойынша құжаттарын толық тұрақты сақтауға қабылдау жүзеге асырылатын болады.

Мемлекеттiк архив ғимаратын толық жөндеуден өткiзгеннен кейiн, 2017 жылдың 1 тоқсанында құжаттарды орындарына орналастыру жоспарланып отыр.

Архив қоймаларында залалсыздандыру жұмыстары жүргiзiлетiн болады. Санитарлық–гигиеналық талаптарды, керектi температураны, ылғалдылықты әрдайым сақтап отыру жоспарлануда. Тазалық күндерiн өткiзiп, құрылғылардың көрсеткiштерiн үнемi қадағалауды жүзеге асыру.

2. Кәсiпорындар мен ұйымдарда, мекемелерде iс — жүргiзу құжаттарын ұйымдастыру және архивтердiң ақпараттық тiзiм басшылығының әдiстемелiк ұйымдасуы.

Қазақстан Республикасы ҰМҚ қалыптастыруы.

Қазақстан Республикасы ұлттық архивтер қорының жұмыс бағыты құжаттардың сапалы қалыптастырылуына, мемлекеттiк сақтауға құжаттарды iрiктеудiң сапасын арттыруға басты назар аударылатын болады.

Мемлекеттiк сақтауға жалпы iс — жүргiзу бойынша 200 бiрлiктi сақтаулы, жеке болған құжаттардан 10 сақтау бiрлiгiн және фотоқұжаттардан 5 сақтау бiрлiгi қабылдау болжанып отыр.

«Новорыбин ауыл округi әкiмiнiң аппараты» ММ, «Ақкөл аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi» ММ ұйымдарынан Ақкөл ауданы әкiмiнiң 25.10.2016 ж. бекiткен кестесi бойынша iстер тұрақты сақтауға қабылданатын болады.

Соғыс ардагерлерi Селезнева Анна Митрофановна және Селезнев Андрей Ивановичке жеке құжаттар қоры құрылады.

Ақкөл ауданында өткен айтулы оқиғаларды, фотоқұжаттарды қабылдау.

8 номенклатуралық iстi жетiлдiру және 4 әдiстемелiк — практикалық көмек көрсетудi әзiрлеу, 5 архивтiк ақпарат тiзiм ережелерi мен сараптау комиссиялары туралы ақпарат тiзiмi болжанып отыр.

« Ақкөл аудандық ауыл — шаруашылық бөлiмi» ММ,« Аудандық орталық кiтапхана», « Ақкөл аудандық құрылыс бөлiмi» ММ т.б. архивтiк

Жұмыстарды өзектендiру бойынша 3 семинар өтетiн болады.

1.Архивтiң жинақтау көздерi болып табылатын мекемелер, ұйымдар, кәсiпорындар мамандары үшiн негiзгi iс — қағаздарын жүргiзу iстерi(ақпан, қазан).

2.Мемлекеттiк архивке тұрақты сақтауға ҰМҚ құжаттарын жiберу ретi — архивтiң жинақтау көздерi болып табылатын мекемелер мен кәсiпорындарға және iс — жүргiзушi ұйымдары үшiн (маусым).

Мемлекеттiк сақтауға ұйымдар мен мекемелердiң мерзiмi өтiп кеткен сақталып қалған ақпарат тiзiмi құжаттарын қабылдау болжанып отыр. Тiптi болмаса мекемелер мен ұйымдарға, кәсiпорындарға олардың уақытылы тапсырылмағаны, мемлекеттiк архивке тапсыру қажет екенi туралы хаттар жолданады.

Жыл бойы ақпарат тiзiмi сақтауында болған құнды құжаттарға сараптау жүргiзу. Басқару құжаттамаларға 150 сақтау бiрлiгiн, жеке құжаттар саны негiзiнде 10 сақтау бiрлiктi және 5 фотоқұжаттамалық сақтау бiрлiгi жатады.

3. Ғылыми мәлiметтер мен құжаттарды қолдану,
мәлiметтердi iздеу жүйесiн құру.

«Ақкөл қаласы әкiмiнiң аппараты» № 352 архивтiк қордың ғылыми — iздеу жүйесiнiң тiзiмi жалғасуда. Ол үшiн 40 сақталған бiрлiктi құжаттарды қарап, оларға 40 тақырыптық карточка құру.

Ақкөл ауданында Оразалин Ахмедия Оразалыұлының 100 — жылдығына орай мемлекеттiк архивте сақтаулы, жеңiс күнiне арналған материалдар, фотоқұжаттамалық көрме дайындалады.

Қазақстан Республикасының жалпы мемлекеттiк мерекелерiнде :

1.Ақкөл ауданының 130 жылдығына орай «Ақкөл ауданы — тарих беттерiнде» (шiлде);

2.Конституция күнiне — «Қазақстан Конституциясы» (тамыз);

3.1 — желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күнiне — «1 — желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президентi» (қараша);

4.Тәуелсiздiктiң 26 жылдығына — «Тәуелсiздiк — бiздiң басты құндылығымыз» (желтоқсан) атты тақырыптарда стендтер iлiнедi.

Наурызбен тамыз айларында Ақкөл балалар үйiнiң жоғарғы сынып оқушыларымен, №10 Агротехникалық лицей студенттерiне экскурсия ұйымдастырылып, «Менiң болашақ мамандығым — архивист» атты тақырыпты лекция оқу.

Алаш партиясының құрылғанына 100 жыл толуына орай «Алаш партиясының тарихы» туралы лекция дайындау.

Аудандық кiтапхана жұмысшыларымен бiрге «Саяси репрессия құрбандарын еске алу» атты дөңгелек үстел өткiзу.

Ақкөл ауданының 130 жылдығына орай «Ақкөл ауданы — тарих беттерiнде» атты мақалалар жариялау.

Ақкөл ауданы әкiмiнiң кеңесiнде мемлекеттiк архив директорының «Құжаттарды ақпарат тiзiмiнде жинақтау және сақтаудың негiзгi ережелерi» атты тақырыпта сөз сөйлеуi (қыркүйек).

Архивтiң оқу залында ҚР азаматтарымен және мектеп оқушылары, студенттермен зерттеу жұмыстары жалғасады.

Басты назар стандарттық мемлекеттiк қызметке «Архив анықтамасын беру» сұраныстарына арналады. Осы мақсатта бұқаралық ақпарат құралдарының сұраныстарын орындау бойынша архивтiң жұмысын жариялау болжанып отыр, электрондық үкiмет порталы арқылы архивтiк анықтамалар алу артықшылықтары және Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы сұранысын ресiмдеу қызметi тiкелей жеке кеңес алушыларға ұсынылсын (ХҚКО). Ауыл округтерiнiң тұрғындары үшiн «архив күнi» ұйымдастырылады. Архивтiк анықтама беру сапасын арттыру мақсатында, Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерiмен бiрге «Үкiмет халық үшiн» атты 2 семинар өткiзу (сәуiр, тамыз).

Архив құжаттарын жоспарлы және жемiстi көрмеге дайындау үшiн, мақала, лекция және т.б. информациялылық форм жұмыстарына дайын болу мақсатында келесi 2018 жылдың айтулы күндерiн белгiлеу.

Архив жұмыскерлерiнiң Республикалық және облыстық семинарларына, кеңестерге, Ақкөл ауданы ұйымдарында және мекемелерде архивтiк iс — қағаздарын жүргiзу бойынша байқауларға қатысуы.

4. Ақпараттық — технологиялар сұрақтары.

Архивтiк құжаттарды тиiмдi пайдалануды арттыру мақсатында және архив жұмысының көпшiлiкке қызмет көрсету үшiн мемлекеттiк Ақмола облысының web — сайтында Ақкөл ауданы мемлекеттiк архив бөлiмi құрылды. Сайтта архив қорының жұмысын, қызықтыда өзектi мәселелердi, iс — шаралар мен мақалалар жариялау жалғасады. Ай сайын 5 ақпарат көзiнен кем емес мөлшерде жаңартылу жоспарланып отыр.

2017 жылы компьютер құрылғыларымен қамтамасыз ету, картридждi ауыстыру және компьютерге, принтерге саймандар сатып алу жалғасатын болады.

5. Қызметкерлер сапасын арттыру.

Қызметкерлер сапасын арттыру үшiн «Қазақстан iс — қағаздарын жүргiзу журналы», «Жаңартылған әдiстемелiктер», басқада арнайы және мемлекеттiк архивтер жұмыстары мен ұлттық архив қорының құжаттарын тiркеу мен қолдану, сақтау ережелерi т.б. архив жұмыстарының құқықтық және актiлiк, нормативтiк сұрақтарын жан — жақты меңгерту.

Төменде көрсетiлген архивисттерге аттестациядан өту ұсынылады.

Олар: Рогова Д.З. мен Тимофеева М.А.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.03.2017 09:54
Қаралым саны: 3760

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента akorda EXPO
@2021 «Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»