A- A A+
«Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Ақкөл ауданы мемлекеттік архивінің негізгі іс шаралары бойынша 2017 жылғы 9 айдық есебі

Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивiнiң қызметi — 2017 жылдағы Қазақстан халқының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы негiзiнде архив жұмыстарының болашақ дамуының орындалуы, ұлттық архив қоры құжаттарының есебiн сақтауды қамтамасыз ету, сақталған құжаттарды жан- жақты қолдану, ғылыми — анықтама құру, орындалған жұмыстарды ғылыми — әдiстемелiк құжаттармен қамтамасыз ету мақсатына бағытталған болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы жылғы заңнамасының орындалуы мақсатында №222 III (03.07.2013жылдағы өзгерiстерiмен) «Жеке және заңды тұлғалардың шағымын қарау тәртiбi жөнiнде» тақырыптық және генеологиялық сұранысының сипатының тiркелуi және орындалуы бойынша уақытылы және сапалы жұмыс есебi жалғасуда.

Мемлекеттiк қызметтiң өлшемiмен және регламентiмен келiсе «Архив анықтамаларын беру»17.04.2015 №138(2017 жылғы сәуiрде, шiлдегi өзгерiстерiн енгiзумен) әлеуметтiк –құқықтық сұраныстарының орындалуы және тiркелуi, бойынша сапалы есеп беру жұмыстары үзбей жүргiзiлiп отыр.

1.Қазақстан Республикасының ұлттық мемлекеттiк мұрағат
құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.

2017жылғы 9 айлық бойынша: кұжаттарды сақтау материалдық техникалық базаны және модернизацияны нығайту мақсатында техникалық жарықтандыруды қамтамасыз ету.

Қазiр құжаттардың физикалық жағдайы жақсарып, қағаз негiзiнде 195 бiрлiк сақталды: олардың 265 парағы №77 қоры бойынша жаңартылды «Зерносовхоз» , «Трудовой», №136 қоры «Зерносовхоз», «Урюпинка» қорлары 287 79 парағы, «Алексеевка автокөлiк пайдалану кәсiпорны» картондау жүргiзiлiп, 305 бiрлiк сақталды, оның iшiнде 144 бiрлiк, №212 қоры «Ақкөл ауданының прокуратурасы», 61 бiрлiк, №361 қоры құжаттары бойынша «Азат әкiмдiгiнiң аппараты», №1507, №115 қоры «Алексеев халық депутаттары аудандық атқару комитетi». 6 бет, өшуге айналған мәтiндер анықталып, қалпына келтiрiлiп (қайта терiлдi) , №115 қоры бойынша «Алексеев аудандық халық депутаттарының атқару комитетi». Саны жағынан 125- ке жуық қағаз жүзiндегi құжаттардың физикалық жағдайын тексеру саны №225 бойынша жүргiзiлгенi «Ақкөл аудандық орталық аурухана», « Ақкөл аудандық кәсiпкерлiк бөлiмi» 400 қоры, 128 бiрлiк сақталуы, «Жеке нотариус Сыздыкова Л.Б. 372 қоры, «Ақкөл ауданық құрылыс бөлiмi» 48 бiрлiк сақталуы, 402 қоры т.б.

Есеп құжаттарының 4- қоры бойынша «Ақкөл аудандық әлеуметтiк бағдарлама және еңбекпен қамту бөлiмi»,«Алексеевка аудандық комитет АПК жұмыскерлерiнiң кәсiподағы», «Ақкөл аудандық халықтық бақылау комитетi, «Ақкөл қалалық нотариалдық конторы» құжаттарына iрiктеу өткiзiлдi

Санитарлық гигиеналық тәртiп және қажеттi талапқа сай температура- салқындығы қолданылды. Санитарлық күндер өткiзiлдi, құралдарды көрсету үшiн бақылау жүргiзiлдi.

2.Қазақстан Республикасының ҰМҚ iске асырылуы, әдiстемелiк жетекшiлiк ұйымдастырып ведомствалық архивтерге және құжаттарды ұйымдастырып, ұйымның iс қағаздарын жүргiзу,
ұйымдар және кәсiпорындар.

Осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық архив қорының құжаттарын сапалы қалыптастыру мақсатында ерекше көңiл аударылды, iрiктелген құжаттар мемлекеттiк сақтауда сапасы арттырылуда. 9 айлық мемлекеттiк 265 бiрыңғай сақтау, оның iшiнде Ақкөл аудандық қазынашылық басқармасы iстi тұрақты сақтау мерзiмiне 4 бiрыңғай сақтау, Ақкөл аудандық Прокуратурасы 144 бiрыңғай сақтау, Л.Сыздықованың жеке нотариусы -5 бiрыңғай сақтау, Ақкөл ауданының кәсiпкерлер бөлiмi — 31 бiрыңғай сақтау, Ақкөл аудандық соты тұрақты сақтауға 47 iс бердi. «А.И. Селезнев», «А.М. Селезнева» жеке тұлғаларға 34 iс берiлдi.

ЭМПК хаттамасымен Ақмола облысы архив құжаттары Ақкөл аудандық қазынашылық басқармасымен тiзiмдеме бекiтiлдi. 4 бiрыңғай сақтау жеке құраммен 3 бiрыңғай сақтау «Ақкөл ауданының кәсiпкерлерлiк бөлiмi» ММ- сi мен тiзiмдемелер 31 iс бiрыңғай сақтауға және жеке құрам бойынша 15 iс тұрақты сақтауға берiлдi.

Негiзгi жұмыстардан өзге мемлекеттiк архив ұжымы жарты жыл iшiнде көптеген iс — шаралар өткiздi. Оның ең бiр есте қалатын iс — шара болып, мемлекеттiк архив күрделi жөндеуден кейiнгi ашылу салтанатына Ақмола облысының әкiмi С.В. Кулагиннiң қатысуы едi. Делегация құрамында архив және құжаттама басқармасының жетекшiсi М.Ю. Тохаева, Ақкөл ауданының әкiмi Т. Едiгенов және т.б. басшылар болды. Облыс басшысын лайықты қарсы алу үшiн архив ұжымы үлкен тынымсыз iс атқарды, мұрағаттағы қораптарды сөрелерге салып, орындарын ауыстырып архив жайлылық және тазалық орнатты. 2017 жылы 24 ақпан, 21 қыркүйек , 22 қыркүйек мұрағат iсiн толықтырып өзектендiру мәселелерi бойынша семинар ұйымдастырылып, келесi тақырыптар қаралды:

1)«Iс қағаздарын жүргiзудiң негiзi-iс номенклатурасы»;

2)«Негiзгi талап iстi тiгу және қалыптастыру»;

3)«Iстердiң ретiн құрастыру, түгендеу тәртiбi»

4)«Iстердi мемлекеттiк мұрағатқа ұсыну үшiн дайындау және орындау»

Семинарға 19- дан аса ұйымдардың мамандары қатысты.

Наурыздың аяғында мемлекеттiк архивте №1 Ақкөл балалар үйiнiң 5-8 сынып оқушыларымен «Менiң болашақ мамандығым архившi» тақырыбында саяхат өткiзiлдi. Оқушылар әртүрлi құжаттармен танысумен қатар Сталин аудандық атқару комитетiнiң әртүрлi құжаттарымен және 1942-1945 жылдардағы мемлекеттiк архивте сақталған аудандық «Сталин шындығы» газетiмен сондай- ақ, архив сақтау қоймаларымен, мобильдi стеллаждармен танысты. Сонымен қатар ай сайын архив қызметкерлерiмен архив iстерiн жүргiзу жөнiнде ақпараттық сабақтар жүргiзiлдi.

2017жылы 14 наурыз күнi мемлекет архив директоры С. Жүсiпов Ақкөл аудандық әкiмдiк аппаратының жиналысында «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызметтердiң көрсетiлуi және 2016 жылдың қорытындысы тақырыптарында сөз сөйледi. Сәуiр айында Алаш партиясының құрылуының 100

жылдығын атап өтуге байланысты архив директоры «Алаш партиясының құрылу тарихы және тарихи маңызы» тақырыбында лекция дайындап оқыды. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан Соғысының 72 жылдық жеңiс күнiн атап өтуге байланысты № 312 соғыс және еңбек ардагерлерiнiң құрылуы туралы архивте сақталған құжаттардан фото көрме ресiмделдi. «1941-1945 жылдардағы батырлар» тақырыбында Локтионов А. И., Локтионова М.С. және Баштава М. И. сияқты соғыс ардагерлерiнiң өмiрiнен көрме ұйымдастырылды. Жеңiс күнi қарсаңында 08 мамыр күнi 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысының ардагерлерi Трубицын Федор Гаврийлович және Носик Иван Ивановичпен кездесу өткiзiлдi. Кездесуге Ақкөл ауданының әкiмi Т. Едiгенов, аудан әкiмiнiң орынбасары Г. Е. Әбiлқайырова, аудандық мәслихат хатшысы Салыбекова Ж. Т., ардагерлер кеңесiнiң төрайымы А. К. Мананбаева, «Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивi» КММ- нiң директоры С. Ш. Жүсiповтар қатысты. Соғыс ардагерлерi аудан әкiмi атынан құттықтаулар мен ақшалай сыйлықтар алды.

Жеңiс күнi құрметiне орай № 2 Ақкөл орта мектебiнiң 6- сынып оқушылары соғыс тақырыбындағы құжаттармен және батырлар туралы архив ұжымының қолымен жасалған «Бiз оларды ұмытуға тиiс емеспiз..» тақырыбындағы естелiк кiтаптар альбомдар, кiтаптармен, сондай-ақ, 1941-1943 жылдардағы газет тiгiндiлерiмен танысты.

7 маусым күнi «Архив күнi» «Архив анықтамасын беру» мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпараттар жазылған парақшалар адам көп жиналатын жерлерде таратылды. Бұл күнi мемлекеттiк архив қызметкерлерi «Архив кеңес бередi» тақырыбында азаматтармен кездесу өткiздi. Сондай- ақ, мұрағат iсi және iс жүргiзу мәселесi бойынша мемлекеттiк архив мамандарымен аппараттық оқу тұрақты өткiзiледi.

«Астана күнi», «ҚР Конституция», «Digital Kazakhstan-2020» күндерiне және де ҚР Конституциясы, Қазақстан Республикасының Ата заңы шеңберiнен жасалған көрмесi, дөңгелек үстел өткiзiлген.

Көптеген ұйым мекемелерге номенклатура iсiн жетiлдiру, ведомость архив туралы ереже және сараптама комиссиясы туралы әдiстемелiк көмек берiледi. Көптеген ұйымдарға номенклатура iстерi, архивтiң ведомствалық жағдайы экспорттық комиссия жөнiнде әдiстемелiк көмек көрсетiлдi.

4 мекеме iстiң номенклатурасымен келiстi: «Ақкөл ауданының әдiлет басқармасы» ММ, «Кеңес» Орман шаруашылық мемлекеттiк мекемесi» КММ, «Әлеуметтiк бағдарламаларды қамыту басқармасы» КММ, Ақкөл аудандық құрылыс бөлiмi» ММ- сi. Сонымен қатар құжаттардың үнемi жекелеген құрамда сақталуына әлеуметтiк көмек көрсетiлдi. «Ақкөл ауданының орталық кiтапхана жүйесi»; «Ақкөл аудандық iшкi саясат бөлiмi» ММ, «Ақкөл аудандық өнеркәсiптiк және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ және басқаларға ҒАА құрамы, «Ақкөл аудандық кәсiпкерлiк бөлiмi және өнеркәсiбi», «Ақкөл аудандық тұрғын үй-коммуналдық және жолаушылар көлiгi, автомобиль жолдары бөлiмi» ММ құжаттарды жою үшiн актiлердi бөлiп, келесi ведомстваларға практикалық маңызы жойылады.

3. Құжаттарды қолданудағы ғылыми ақпараттар.
Ақпараттық — iздеу жүйесiн құру.

Мемлекеттiк архив қызметi — заңды тұлғалардың қызығушылығын арттыру және құқығын қорғауды iске асыру үшiн архив құжаттарын қолдану, жалпыға қажеттiлiгiн арттыру, қолдану мақсатында бағытталған Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бiр бөлiгi болып табылады.

Ғылыми –iзденiс жүйесiн жалғастыру архив қоры № 352 «Ақкөл қаласы

әкiмдiгi аппараты» 18 бiрыңғай сақтау құжаттары қаралды, олардың негiзiнде 10 тақырыптық карточкалар құрылды.

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31.01 Жолдауында мемлекет архив мамандарының ұйымдастыруымен архив шығармашылығын мемлекеттiк дамуын жаңғыртып, қалыптастыру мақсатында «Дөңгелек үстел» өткiзiлдi.

2017 жылы 24 наурыз күнi мұрағат қызметкерлерiнiң ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық iс — қимылдарға қарсы «Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының мiндетi- жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткiзiлдi. Жиналысқа құқық бөлiмiнiң маманы қатысты. Ақкөл ауданы әкiмдiгiнiң аппараты Н.М.Шохаев қатысушыларды мемлекеттiк қызметте және «Архив анықтамаларын бергенде» жемқорлыққа қарсы жол бермеу жөнiнде таныстырды. Ұжым мүшелерiн 2016 жылғы 30.11 «Жемқорлыққа қарсы iс — қимыл» туралы Қазақстан Республикасы Заңының құқықтық ережелерiмен таныстырды. Қыркүйек айында деректердiң жарамдылығына арналған 40- анықтамалары тексерiлдi.

Қазақстан Республикасының жалпы мемлекеттiк мерекесi «Алғыс күнi» мемлекеттiк архивте атап өтiлдi. Архив директоры архивте сақталған Сталин аудандық атқару комитетiнiң мемлекет тарапынан тұрғындар, қуғын сүргiнге ұшыраған азаматтарға, Қазақстан жерiне өз еркiнсiз келгендерге берiлген көмектердiң көрсетiлгендiгi туралы шешiмдерiн оқып таныстырып, лекция оқыды.

4 маусым күнi Қазақстан Республикасы мемлекеттiк рәмiздер күнiне орай «Дөңгелек үстел» өткiзiлдi. Мемлекеттiк рәмiздердiң құрылу тарихы: елтаңба, ту, әнұран туралы мемлекеттiк архив директоры С.Жүсiпов сөз сөйледi.

Өткен жылдың 18 наурызында Ақкөл ауданының мемлекеттiк құқық бөлiмiнiң басшысы Н.М. Шохаевтың қатысуымен дөңгелек үстел өткiзiлдi, ұжымды Қазақстан Республикасының «Жемқорлыққа қарсы» 30. 11. 2016 ж. Заңының құқықтық ережелерiмен таныстырды. Әлеуметтiк құқық жұмыстарының сұранысын арттыру мақсатында 27.01.2017ж. және «Знамя Родины KZ» және «Ақкөл өмiрi» аудандық газеттерiнiң № 5 нөмiрiнде және 2017 жылы 05 мамырда № 19 нөмiрiнде ХҚКО арқылы хабарламаларды электрондық жүйеде насихаттау енгiзiлдi. (Үкiметтегi азаматтарға ) және ЕGOV (ПЭП).

Мемлекеттiк қызметтердiң уақытылы жеткiзiлiп қызмет етуi «Архив анықтамаларын беру» бойынша бiрiншi тоқсанда 694 сұраныс орындалды және олардың 487- нiң нәтижесi оң. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 322 сұраныс, 52%, электрондық портал арқылы 165 сұраныс, 23,7% және 198 пошта арқылы сұраныс түстi.

Мемлекеттiк архив облыстық мұрағат iс қағаздарын жүргiзу «Үздiк сайт», «Үздiк мемлекеттiк мұрағат» байқауына қатысады. Байқау шарттары бойынша мемлекеттiк архив рейтингтiк кестесiнде 6,4 орындарды иеленедi.

4. Ақпараттық технология сұрақтары

Ақмола облысының құжаттары және архив құжаттарын қолданудағы тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында және архивтi басқару шығармашылығын насихаттау Web –сайты құрылды. «Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивi» КММ сайты бiр мерзiмге сәйкес келедi. 2017 жылғы қаңтар — қыркүйек айларында архив iс шаралары және қызметi, көркемдiк шығармашылығы туралы сайтқа ақпараттар жiберiледi. Компьютерлiк қызметтi кеңейту үшiн 1-тоқсанда екi принтер күрделi жөндеуден өттi.

5. Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру

Бiлiктiлiгiн арттыру курсынан мұрағат директоры, есепшi және бiр мұрағатшы өттi. Қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында ай сайын iс жүргiзу және архив iстерi бойынша, сондай- ақ, архив iсi бойынша нормативтiк- құқықтық актiлер туралы дәрiстер оқытылады архив жұмыстарының сұрақтары бойынша қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру үшiн нормативтiк құқықтық актiлер оқытылады: «Құжаттандырудың үлгiлiк қағидалары және мемлекеттiк, мемлекеттiк емес ұйымдардың құжаттарын басқару» және «Ұлттық архив қорының құжаттарын қолдану басқада мемлекеттiк және арнайы архивтерiнiң құжаттарын есепке алу, сақтау, қабылдау ережелерi», «Қазақстандағы iс -қағаздарын жүргiзу», «Есепшiлердiң бюллетенi» журналдар және т.б.құжаттар.

Ақкөл ауданының мемлекеттiк
архив директоры                                                                                                    С. Жүсiпов

орындаған. Тетик А.В.
87163820892


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 04.10.2017 11:08

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»