"Архив iсi саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2015 жылғы 15 мамырдағы № 184 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2019 жылғы 4 шiлдедегi № 189 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2019 жылғы 5 шiлдеде № 18987 болып тiркелдi
"Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Архив iсi саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2015 жылғы 15 мамырдағы № 184 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11444 болып тiркелген, 2015 жылы 10 шiлдеде "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мына:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Архивтiк анықтамалар, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiн немесе архивтiк үзiндiлер беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Ұлттық архив қорының мемлекеттiк меншiктегi құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк архивтерiнен шығатын және шетелге жiберiлетiн архивтiк анықтамаларға, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiне немесе архивтiк үзiндiлерге апостиль қою" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi бекiтiлсiн.";
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген "Архивтiк анықтамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген "Ұлттық архив қорының мемлекеттiк меншiктегi құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiнде:
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кеңсе қызметкерiнiң Мемлекеттiк корпорация немесе портал арқылы келiп түскен құжаттарды 10 (он) минут iшiнде қабылдауы және тiркеуi (сағат 17.30-дан кейiн түскен жағдайда құжаттар келесi жұмыс күнi тiркеледi).";
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кеңсе қызметкерi 10 (он) минут iшiнде Мемлекеттiк корпорациядан немесе портал арқылы келiп түскен құжаттарды қабылдайды және тiркейдi (сағат 17.30-дан кейiн түскен жағдайда құжаттар келесi жұмыс күнi тiркеледi);";
10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн Мемлекеттiк корпорация арқылы алу үдерiсiнiң сипаттамасы, оның ұзақтығы — көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн, хабарламаны (сұранымды орындау мерзiмiн ұзарту, құжаттардың мемлекеттiк сақтауда болмауы, қосымша ақпарат ұсыну туралы) алуы Мемлекеттiк корпорация қызметкерi арқылы 15 (он бес) минут iшiнде жүргiзiледi.
Мемлекеттiк корпорацияда рұқсатты немесе мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны беру тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаттың негiзiнде, көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке куәлiгiн ұсынған жағдайда iске асырылады.
Мемлекеттiк корпорацияда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн, хабарламаны (мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету мерзiмi ұзартылған жағдайда) беру тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаттың негiзiнде, көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке куәлiгiн ұсынған жағдайда iске асырылады.
Егер, көрсетiлетiн қызметтi алушы қолхатта көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу үшiн келмеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясының қызметi қағидаларын бекiту туралы" 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекiтiлген, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 13248 болып тiркелген, "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясының қызметi қағидаларына сәйкес Мемлекеттiк корпорация мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн 1 (бiр) ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу үшiн қолхатта көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн 1 (бiр) ай iшiнде жүгiнген жағдайда, Мемлекеттiк корпорация көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн сол күнi бередi.
Егер, көрсетiлетiн қызметтi алушы қолхатта көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн 1 (бiр) ай iшiнде Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнбеген жағдайда, талап етiлмеген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырылады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушi талап етiлмеген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн 1 (бiр) жыл бойы сақтауды қамтамасыз етедi.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу үшiн Мемлекеттiк корпорацияға көрсетiлетiн қызметтi берушiде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн сақтау мерзiмi iшiнде жүгiнген жағдайда, Мемлекеттiк корпорация көрсетiлетiн қызметтi берушiге мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру туралы сұраныс жолдайды. Көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорациядан сұраныс келiп түскен күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн жолдайды.";
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк архивтерiнен шығатын және шетелге жiберiлетiн архивтiк анықтамаларға және архивтiк құжаттардың көшiрмелерiне апостиль қою" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiнде:
көрсетiлгенрегламенттiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк архивтерiнен шығатын және шетелге жiберiлетiн архивтiк анықтамаларға, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiне немесе архивтiк үзiндiлерге апостиль қою" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi";
1-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк архивтерiнен шығатын және шетелге жiберiлетiн архивтiк анықтамаларға, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiне немесе архивтiк үзiндiлерге апостиль қою" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2015 жылғы 17 сәуiрдегi № 138 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2015 жылғы 20 мамырда № 11086 болып тiркелген) бекiтiлген "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк архивтерiнен шығатын және шетелге жiберiлетiн архивтiк анықтамаларға, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiне немесе архивтiк үзiндiлерге апостиль қою" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi стандартына (бұдан әрi — стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.";
3-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi — "Шетелдiк ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудiң күшiн жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 сәуiрдегi № 545 қаулысына қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк архивтерiнен шығатын және шетелге жiберiлетiн архивтiк анықтамалардағы, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiндегi немесе архивтiк үзiндiлердегi апостиль мөртаңбасы, не стандарттың 10-тармағымен көзделген негiздемелер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттiк корпорация немесе портал арқылы стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды қабылдау мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету бойынша рәсiмдердi (iс-қимылдарды) бастауға негiздеме болып табылады.
Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетудiң нәтижесiн беру Мемлекеттiк корпорацияда немесе портал арқылы жүзеге асырылады.";
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кеңсе қызметкерiнiң Мемлекеттiк корпорация немесе портал арқылы келiп түскен құжаттарды 10 (он) минут iшiнде қабылдауы және тiркеуi (сағат 17.30-дан кейiн түскен жағдайда құжаттар келесi жұмыс күнi тiркеледi);";
9-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) 7-үдерiс — Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң ЭЦҚ-сымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысын) ЭҮП арқылы "электрондық үкiметтiң" аймақтық шлюзi автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрi — ЭҮАШ АЖО) жолдау 2 (екi) минут iшiнде немесе құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi берушiге қағаз түрiнде курьерлiк байланыс арқылы жолдау 6 (алты) жұмыс күнi iшiнде (Нұр-Сұлтан қаласында орналасқанға 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде);";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн Мемлекеттiк корпорация арқылы алу үдерiсiнiң сипаттамасы, оның ұзақтығы — көрсетiлетiн қызметтi алушының апостиль мөртабаны бар құжаттарды немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы жауапты алуы Мемлекеттiк корпорация қызметкерi арқылы 15 (он бес) минут iшiнде жүргiзiледi.
Мемлекеттiк корпорацияда апостиль мөртабаны бар құжаттарды немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы жауапты беру тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаттың негiзiнде, көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке куәлiгiн ұсынған жағдайда iске асырылады.
Егер, көрсетiлетiн қызметтi алушы қолхатта көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу үшiн келмеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 13248 болып тiркелген) бекiтiлген "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясының қызметi қағидаларына сәйкес Мемлекеттiк корпорация апостиль мөртабаны бар құжаттарды немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы жауапты 1 (бiр) ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу үшiн қолхатта көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн 1 (бiр) ай iшiнде жүгiнген жағдайда, Мемлекеттiк корпорация көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн сол күнi бередi.
Егер, көрсетiлетiн қызметтi алушы қолхатта көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн 1 (бiр) ай iшiнде Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнбеген жағдайда, талап етiлмеген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырылады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушi талап етiлмеген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн 1 (бiр) жыл бойы сақтауды қамтамасыз етедi.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу үшiн Мемлекеттiк корпорацияға көрсетiлетiн қызметтi берушiде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн сақтау мерзiмi iшiнде жүгiнген жағдайда, Мемлекеттiк корпорация көрсетiлетiн қызметтi берушiге мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру туралы сұраныс жолдайды. Көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорациядан сұраныс келiп түскен күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн жолдайды.";
1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк архивтерiнен
шығатын және шетелге
жiберiлетiн архивтiк
анықтамалар мен архивтiк
құжаттардың көшiрмелерiне
немесе архивтiк үзiндiлерге
апостиль қою"
мемлекеттiккөрсетiлетiн қызмет
регламентiнiң 1-қосымшасы";
2-қосымшада:
оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк архивтерiнен
шығатын және шетелге
жiберiлетiн архивтiк
анықтамалар мен архивтiк
құжаттардың көшiрмелерiне
немесе архивтiк үзiндiлерге
апостиль қою" мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет
регламентiнiң 2-қосымшасы";
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасыныңмемлекеттiк архивтерiненшығатын және шетелге жiберiлетiнархивтiк анықтамалар мен архивтiкқұжаттардың көшiрмелерiне немесе архивтiк үзiндiлерге апостиль қою" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығы
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Архив iсi және құжаттама департаментi заңнамада белгiленген тәртiпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiкон күн iшiнде оның көшiрмесiн қағаз және электронды түрде қазақжәне орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгiзуүшiн "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылықжүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жiберiлуiн;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейiнон жұмыс күнi iшiнде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген iс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Заң қызметi департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт жетекшiлiк ететiн вице-министрiне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрi А. Райымқұлова
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және
спорт министрiнiң
2019 жылғы 4 шiлдедегi
№ 189 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және
спорт министрiнiң
2015 жылғы 15 мамырдағы
№ 184 бұйрығына
1-қосымша
"Архивтiк анықтамалар, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiннемесе архивтiк үзiндiлер беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметрегламентi
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Архивтiк анықтамалар, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiн немесе архивтiк үзiндiлер беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Қазақстан РеспубликасыМәдениет және спорт министрiнiң2015 жылғы17 сәуiрдегi № 138 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2015 жылғы 20 мамырда № 11086 болып тiркелген)бекiтiлген "Архивтiк анықтамалар, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiн немесе архивтiк үзiндiлер беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi стандартына (бұдан әрi — стандарт) сәйкес "Қазақстан Республикасының Ұлттық архивi" республикалық мемлекеттiк мекемесi, орталық мемлекеттiк архивтер, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, қалалардың, аудандардың мемлекеттiк архивтерi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.
Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетудiң нәтижесiн беру:
1) көрсетiлетiн қызметтi алушының қалауы бойынша "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);
2) www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.
3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi — Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2019 жылғы 12 наурыздағы № 62 бұйрығымен бекiтiлген, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 18392 болып тiркелген,Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтiк құжаттарды мемлекеттiк және арнаулы мемлекеттiк архивтердiң жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану кезiнде ресiмделетiн (жасалатын) құжаттар нысандарына(бұдан әрi — Нысандар) 50-қосымшаға сәйкес нысандағы әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы мәлiметтердi растау туралы архивтiк анықтама не архивтiк құжаттың көшiрмесiнемесе Нысандарға 51-қосымшаға сәйкес нысандағы архивтiк үзiндi, немесе сұратылған мәлiметтердiңкөрсетiлетiн қызметтi берушiде сақтауда болмауы туралы жауап не стандарттың 10-1-тармағымен көзделген негiздемелер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Сұраным портал арқылы түскен жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiкөрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен(бұдан әрi — ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" жолданады. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн қағаз жеткiзгiште алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу орны мен күнi көрсетiлген хабарлама жолдайды.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны — электрондық немесе қағаз түрiнде.
Мемлекеттiк қызмет ақысыз негiзде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) көрсетiледi.
2-тарау. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимылының тәртiбiн сипаттау
4. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Мемлекеттiк корпорация немесе портал арқылы стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды қабылдау мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету бойынша рәсiмдердi (iс-қимылдарды) бастауға негiздеме болып табылады.
Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетудiң нәтижесiн беру Мемлекеттiк корпорацияда немесе портал арқылы жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) кеңсе қызметкерiнiң Мемлекеттiк корпорация немесе портал арқылыкелiп түскен өтiнiштi 10 (он) минут iшiнде қабылдауы және тiркеуi (сағат 17.30-дан кейiн түскен жағдайда өтiнiш келесi жұмыс күнi тiркеледi).
Көрсетiлетiн қызметтi алушы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, кеңсе қызметкерiнiң өтiнiштi қабылдаудан бас тартуы;
2) кеңсе қызметкерi 4 (төрт) сағат iшiнде құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына, жауапты орындаушыға қарастыру үшiн жолдайды;
3) жауапты орындаушы 8 (сегiз) жұмыс күнi iшiнде, ал стандарттың 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету мерзiмi ұзартылған жағдайда — 20 (жиырма) жұмыс күнi iшiнде, бiрақ, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетудiң ұзартылған мерзiмнен кешiктiрмей құжаттарды қарастырады (зерделейдi).
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету мерзiмi ұзартылған жағдайда жауапты орындаушы 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмi ұзартылғандығы туралы хабарлама әзiрлейдi.
Егер құжаттар (мәлiметтер) мемлекеттiк сақтауда болмаған жағдайда, жауапты орындаушы 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiде сұратылып жатқан құжаттар (мәлiметтер) сақтауда жоқ екендiгi туралы хабарлама әзiрлейдi;
4) жауапты орындаушы, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы 2 (екi) сағат iшiнде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне немесе мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмi ұзартылғандығы туралы хабарламаға бұрыштама (қол) қояды.
Шетелге жiберу үшiн әзiрленген архивтiк анықтамаға көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң бiрiншi басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы қол қояды;
5) жауапты орындаушы 1 (бiр) сағат iшiнде кеңсе қызметкерiне мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн немесе мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмi ұзартылғандығы туралы хабарламаны тiркеу үшiн бередi;
6) кеңсе қызметкерi 1 (бiр) сағат iшiнде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн немесе мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмi ұзартылғандығы туралы хабарламаны тiркейдi және келесi күнi сағат 17.30-дан кешiктiрмей көрсетiлетiн қызметтi алушыға портал немесе Мемлекеттiк корпорация арқылы жолдайды.
6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылдарды) орындауды бастау үшiн негiздеме болатын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету бойынша рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) нәтижесi:
1) көрсетiлетiн қызметтi алушының тiркелген өтiнiшi;
2) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының бұрыштамасы;
3) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiнiң немесе мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмi ұзартылғандығы туралы хабарламасының жобасы;
4) қол қойылған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн немесе мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмi ұзартылғандығы туралы хабарлама;
5) тiркелген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн немесе мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмi ұзартылғандығы туралы хабарлама.
3-тарау. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылы тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:
1) кеңсе қызметкерi;
2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;
3) жауапты орындаушы.
8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмнiң (iс-қимылдың) реттiлiгiнiң сипаттамасы:
1) кеңсе қызметкерi 10 (он) минут iшiнде Мемлекеттiк корпорация немесе портал арқылы келiп түскен өтiнiштi қабылдайды және тiркейдi (сағат 17.30-дан кейiн түскен жағдайда өтiнiш келесi жұмыс күнi тiркеледi).
Көрсетiлетiн қызметтi алушы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, кеңсе қызметкерiнiң өтiнiштi қабылдаудан бас тартуы;
2) құжаттарды тiркегеннен кейiн кеңсе қызметкерi оларды 4 (төрт) сағат iшiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына, жауапты орындаушыға қарастыру үшiн жолдайды;
3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының бұрыштамасын алғаннан кейiн жауапты орындаушы 8 (сегiз) жұмыс күнi iшiнде, ал стандарттың 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету мерзiмi ұзартылған жағдайда — 20 (жиырма) жұмыс күнi iшiнде, бiрақ, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетудiң ұзартылған мерзiмнен кешiктiрмей құжаттарды қарастырады (зерделейдi).
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету мерзiмi ұзартылған жағдайда жауапты орындаушы 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмi ұзартылғандығы туралы хабарлама әзiрлейдi.
Егер құжаттар (мәлiметтер) мемлекеттiк сақтауда болмаған жағдайда, жауапты орындаушы 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiде сұратылып жатқан құжаттар (мәлiметтер) сақтауда жоқ екендiгi туралы хабарлама әзiрлейдi;
4) жауапты орындаушы, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы 2 (екi) сағат iшiнде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне немесе мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмi ұзартылғандығы туралы хабарламаға бұрыштама (қол) қояды.
Шетелге жiберу үшiн әзiрленген архивтiк анықтамаға көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң бiрiншi басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы қол қояды;
5) жауапты орындаушы 1 (бiр) сағат iшiнде кеңсе қызметкерiне мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн немесе мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмi ұзартылғандығы туралы хабарламаны тiркеу үшiн бередi;
6) кеңсе қызметкерi 1 (бiр) сағат iшiнде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн немесе мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмi ұзартылғандығы туралы хабарламаны тiркейдi және келесi күнi сағат 17.30-дан кешiктiрмей көрсетiлетiн қызметтi алушыға портал немесе Мемлекеттiк корпорация арқылы жолдайды.
4-тарау. Мемлекеттiк корпорация және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау
9. Мемлекеттiк корпорацияға жүгiну тәртiбiнiң сипаттамасы, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн өңдеу ұзақтығы:
1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Мемлекеттiк корпорацияға жеделдетiлген қызмет көрсетусiз электрондық кезек тәртiбiмен жүгiнедi. Қажет болған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық кезектi портал арқылы броньдау мүмкiндiгi бар.
2) 1-үдерiс — Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету үшiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi көрсетудiң мониторингi ақпараттық жүйесiне (бұдан әрi — МҚКМ АЖ) логин мен парольдi енгiзуi (авторизациялану үдерiсi) 5 (бес) минут iшiнде;
3) 2-үдерiс — Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi таңдауы, қызметтi көрсету үшiн экранға сұраныс үлгiсiн шығаруы және Мемлекеттiк корпорация операторының көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiн, сонымен қатар сенiмхат бойынша (нотариус куәландырған сенiмхат болған жағдайда, басқа сенiмхат болған жағдайда — бұл деректер енгiзiлмейдi) көрсетiлетiн қызметтi алушы өкiлiнiң деректерiн енгiзуi 5 (бес) минут iшiнде;
4) 3-үдерiс — "электрондық үкiмет" шлюзы (бұдан әрi — ЭҮШ) арқылы "Заңды тұлғалар" мемлекеттiк дерек қорына (бұдан әрi — ЗТ МДҚ) немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттiк дерек қорына (бұдан әрi — ЖТ МДҚ) көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерi туралы, сонымен қатар бiрыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесiне (бұдан әрi — БНАЖ) көрсетiлетiн қызметтi алушы өкiлi сенiмхатының деректерi туралы сұранысты жолдау 2 (екi) минут iшiнде;
5) 1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы деректерiнiң ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да және сенiмхат деректерiнiң БНАЖ-да болуын тексеру 1 (бiр) минут iшiнде;
6) 4-үдерiс — көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнiң ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да және сенiмхат деректерiнiң БНАЖ-да болмауына байланысты деректердi алу мүмкiндiгiнiң жоқтығы туралы хабарламаны құрастыру 2 (екi) минут iшiнде;
7) 5-үдерiс — Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң сұраныс нысанының қағаз нысандағы құжаттардың болуы бөлiгiн толтыруы және көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттарды сканерлеуi, оларды сұраныс нысанына тiркеуi және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуге сұранымның толтырылған нысанын (енгiзiлген деректердi) электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрi — ЭЦҚ) куәландыруы;
8) 2-шарт — Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң құжаттардың стандарттың 9-тармағына сәйкес келуiн тексеруi;
9) 6-үдерiс — көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарындағы бұзушылықтарға байланысты сұратылған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;
10) 7-үдерiс — Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң ЭЦҚ-сымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысын) ЭҮП арқылы "электрондық үкiметтiң" аймақтық шлюзi автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрi — ЭҮАШ АЖО) жолдау 2 (екi) минут iшiнде немесе құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi берушiге қағаз түрiнде курьерлiк байланыс арқылы жолдау;
11) 8-үдерiс — электрондық құжатты көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң АЖО) тiркеу;
12) 9-үдерiс — осы регламенттiң 5-тармағы 2)-7) тармақшаларында қарастырылған рәсiмдердi (iс-әрекеттердi) iске асыру;
13) 10-үдерiс — көрсетiлетiн қызметтi алушының Мемлекеттiк корпорация арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн немесе мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмi ұзартылғандығы туралы хабарламаны алуы.
Құжаттарды Мемлекеттiк корпорацияға тапсыру күнi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi.
10. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн Мемлекеттiк корпорация арқылы алу үдерiсiнiң сипаттамасы, оның ұзақтығы — көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн немесе мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмi ұзартылғандығы туралы хабарламаны алуы Мемлекеттiк корпорация қызметкерi арқылы 15 (он бес) минут iшiнде жүргiзiледi.
Мемлекеттiк корпорацияда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн немесе мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмi ұзартылғандығы туралы хабарламаны беру тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаттың негiзiнде, көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке куәлiгiн ұсынған жағдайда iске асырылады.
Егер, көрсетiлетiн қызметтi алушы қолхатта көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу үшiн келмеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясының қызметi қағидаларын бекiту туралы" 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекiтiлген, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 13248 болып тiркелген, "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясының қызметi қағидаларына сәйкес Мемлекеттiк корпорация мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн 1 (бiр) ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу үшiн қолхатта көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн 1 (бiр) ай iшiнде жүгiнген жағдайда, Мемлекеттiк корпорация көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн сол күнi бередi.
Егер, көрсетiлетiн қызметтi алушы қолхатта көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн 1 (бiр) ай iшiнде Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнбеген жағдайда, талап етiлмеген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырылады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушi талап етiлмеген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн 1 (бiр) жыл бойы сақтауды қамтамасыз етедi.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу үшiн Мемлекеттiк корпорацияға көрсетiлетiн қызметтi берушiде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн сақтау мерзiмi iшiнде жүгiнген жағдайда, Мемлекеттiк корпорация көрсетiлетiн қызметтi берушiге мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру туралы сұраныс жолдайды. Көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорациядан сұраныс келiп түскен күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн жолдайды.
11. Портал арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушi мен көрсетiлетiн қызметтi алушының жүгiну және рәсiмдерiнiң (iс-қимылдарының) реттiлiгiнiң сипаттамасы:
1) 1-үдерiс — көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi — ЖСН) немесе бизнес сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi — БСН), сонымен қатар ЭЦҚ немесе бiр реттiк пароль арқылы порталда авторизациялануды iске асырады, тiркелмеген жағдайда тiркелу рәсiмiнен өту қажет 2 (екi) минут iшiнде;
2) 1-шарт — порталда тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнiң дұрыстығын логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тексеру 2 (екi) минут iшiнде;
3) 2-үдерiс — көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiндегi бұзушылықтарға байланысты порталдың авторизацияланудан бас тарту туралы дәйектi хабарлама құрастыруы 2 (екi) минут iшiнде;
4) 3-үдерiс — көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi таңдау, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету үшiн экранға сұраныс үлгiсiн шығаруы және көрсетiлетiн қызметтi алушының оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыру (деректердi енгiзу), сұраныс нысанына электрондық түрдегi стандарттың 9-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды тiркеу, сонымен қатар көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысты куәландыру (қол қою) үшiн ЭЦҚ-ның тiркеу куәлiгiн таңдау 15 (он бес) минут iшiнде;
5) 2-шарт — порталда ЭЦҚ-ның тiркеу куәлiгiнiң қызмет мерзiмiн және қайтарылған (жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде болмауын, сонымен қатар сәйкестендiру деректерiнiң (сұраныста көрсетiлген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ-ның тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкес келуiн тексеру 2 (екi) минут iшiнде;
6) 4-үдерiс — көрсетiлетiн қызметтi алушы ЭЦҚ-сы түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұратылған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуден дәйектi бас тарту туралы хабарлама құрастыру 2 (екi) минут iшiнде;
7) 5-үдерiс — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету үшiн сұранысты көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен немесе бiр реттiк парольмен куәландыру (қол қою) және электрондық құжатты (сұранысты) ЭҮШ арқылы көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өңдеуi үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң АЖО-на жолдау 7 (жетi) минут iшiнде;
8) 6-үдерiс — электрондық құжатты көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң АЖО-да тiркеу 2 (екi) минут iшiнде;
9) 3-үдерiс — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң келiп түскен құжаттардың стандарттың 9-тармағына сәйкес келуiн тексеру 15 (он бес) минут iшiнде;
10) 7-үдерiс — құжаттар стандарттың 9-тармағына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құрастыру 2 (екi) минут iшiнде;
11) 8-үдерiс — осы регламенттiң 5-тармағы 2)-7) тармақшаларында қарастырылған рәсiмдердi (iс-әрекеттердi) iске асыру;
12) 9-үдерiс — көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң АЖО құрастырған көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ-сымен куәландырылған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн немесе мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмi ұзартылғандығы туралы хабарламаны алуы.
Көрсетiлетiн қызметтi алушының портал арқылы жүгiнген кездегi iс-әрекеттерi мен шешiмдерi осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес портал арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету кезiнде өзара функционалды әрекет етудiң № 1-диаграммасында келтiрiлген.
12. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылының, рәсiмдерiнiң (әрекеттерiнiң) толық сипаттамасы, сондай-ақ Мемлекеттiк корпорация және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбi және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiнiң толық сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығы "электрондық үкiмет" веб-порталында, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң интернет-ресурсында орналастырылады.