A- A A+
«Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ «Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
«Ақкөл ауданнының мемлекеттік архиві» КММ директорының Ақкөл ауданның Әкім аппараттық кеңесте сөз сөйлеуі

2017 жылғы 14 наурызда «Ақкөл ауданының мемлекеттiк архив» КММ директоры 2016 жылғы жұмыс қорытындысы және «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызмет көрсету туралы» тақырыбында Ақкөл ауданының Әкiмдiгiнiң аппараттық кеңесiнде сөз сөйледi. Директор өз сөзiнде, Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивте архившiлерге жұмыс жемiстi болуына барлық жағдай жасалғандығы жөнiнде айтты. Сонымен қатар, 2013-2017 жылдар арасында ғимаратта сыртқы және iшкi күрделi жөндеу өткiзiлдi. Жөндеу барысында қоғамдық жұмыстар, жылыту, электромонтаждық жұмыстары, күзет-өрт дабылы орнатылды. 2015 жылғы 2016 жылмен салыстырғанда «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызмет көрсетуi бойынша қорытындылар өткiзiлдi. Негiзiнде мемлекеттiк қызмет көрсетуiнiң ХҚКО және ЭҮП 13 % және 15 % өсу үрдiсi байқалды. Архив директоры одан әрi сұраныстардың өсуi үшiн, өтiнiштердiң электрондық формасына ауысу мақсатында, аудан халық арасында үгiт-насихат жұмыстарын өткiзу қажеттiлiгi туралы айтты. Ол қорытынды сөзiнде, С.Ш.Жүсiпов, осы жылдың қаңтар айында мемлекеттiк архивке мемлекеттiк мұрағаттың күрделi жөндеуден кейiнгi ашылу салтанатына Ақмола облысының әкiмi С.В. Кулагиннiң қатысуын атап өттi. Делегация құрамында мұрағаттар және құжаттама басқармасының жетекшiсi М.Ю. Тохаева, Ақкөл ауданының әкiмi Т. Едiгенов және т.б. басшылар болды. Облыс әкiмi мемлекеттiк архив iшкi күрделi жөндеуiн және архив қоймасында мобильдiк стеллаждардың орналастыруын мақұлдады.

Мақаланың шыққан күні: 14.03.2017
Қаралым саны: 3423

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»