A- A A+
«Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ «Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Ақмола облысының әкімі В.С. Кулагин «Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ келді

Ақмола облысының әкiмi Сергей Витальевич Кулагин Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивiне делегация құрамымен жұмыс сапарымен келдi. Кездесуге Ақкөл ауданының әкiмi Т.Едiгенов, Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы М.Ю.Тохаева қатысты. Облыс әкiмi мемлекеттiк архивтiң iшкi күрделi жөндеуiн және архив қоймасында мобильдiк стеллаждардың орналастыруын мақұлдады. Мемлекеттiк архив ұжымы қосымша мобильдiк стеллаждарды алуына қанағаттандырылған жауап алды. Архив меңгерушiсi Дина Зайнулловна Рогова қонақтарды архив қоймасында бар мемлекеттiк сақталған құжаттардың мөлшерiмен (50 мың.сақ.бiр.) және мемлекеттiк архивтiң құрылу тарихымен таныстырды. Мемлекеттiк архив директоры мобильдiк стеллаждардың жұмыста жинақы және ыңғайлы болуы үшiн қосымша стеллаж алу туралы өтiнiштерiн айтты. Архив ұжымынан қосымша мобильдiк стеллаждарды алуға бiлдiрген өтiнiш қабылданып, облыс әкiмi осы өтiнiштiң орындалуына уәде бердi.

Облыс әкiмiнiң Ақкөл ауданы бойынша жұмыс сапары, аудандық мемлекеттiк архивте болуы «Акмолинская правда», «Арқа ажары» газеттерiнде көрiнiс тауып отыр. «Акмолинская правда» газетi облыс басшысының тапсырмаларын орындалуын қадағалап, оқырмандарға хабарлайды.

Мақаланың шыққан күні: 12.01.2017
Қаралым саны: 4002

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»