«Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ |
24 қаңтарда Мемлекеттiк архивта Қызылорда, Түркiстан облыстары мен Шымкент қаласында жүргiзiлген тексеру барысында анықталған ведомстволық архивтардағы электронды архив ақпараттық жүйесiнде жұмыс iстеуге дайындығы бойынша түйткiлдi мәселелердi талқылауға арналған дөңгелек үстел өттi. Дөңгелек үстелдiң қорытындысы бойынша бiрыңғай электронды архив ақпараттық жүйесiнде жұмыс iстеу үшiн ведомстволық архив мамандарын оқытуды қосымша пысықтау туралы шешiм қабылданды.